Директор блогы

 Құрметті әріптестер!

Сіздерді Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының» жеке сайтында көруге қуаныштымыз. Бұл сайттың мақсаты: Елбасының “Қазақстан 2050” жолдауын және 2012-2020 жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт бағдарламасын жүзеге асыру, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, Алматы қаласы оқушыларының денсаулығын нығайту. Осы сайт арқылы  сіздер Алматы қаласының жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың Республикалық турнирлер, Спартакиадалар, Ұлттық «мектеп лигалары», дене тәрбиесінің әр үшінші сағаты «Футбол сабағы», ашық сабақтар, конференциялар және т.б. әр түрлі жарыстарға қатысу жөніндегі толық және нақты ақпаратты ала аласыздар, сондай-ақ спорт орталығының күнтізбелік жоспарымен, соңғы жаңалықтармен таныс боласыздар.