ПРЕСС-АНОНС

Қыркүйек айында бүкіл ел көлемінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында “Birinshi Jastar Oiyndary” финалына іріктеу туры өтеді.
Ойындар салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беру жүйесіндегі субъектілердегі мектеп спорты мен спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне мемлекет пен қоғамның назарын аудару үшін 5 мыңнан астам жасөспірімді жинайды.
Іріктеу турларының бағдарламада, 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында волейбол, жеңіл атлетика, футбол, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар қарастырылған.
Жарысты Мектеп спорт федерациясы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы жалпы білім беретін мектептердің спорт нысандарында ұйымдастырады.
Іріктеу турларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру сыйлықтары, дипломдар мен түрлі дәрежедегі медальдар күтуде.

Мектеп спорт федерациясы