Ағымдағы жылдың қыркүйек айының бірінші онкүндігінде облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында әлеуметтік жоба аясында «SportFestKazakhstan» республикалық спартакиадасының финалына іріктеу туры өтеді.

Осы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігініңгранты бойынша іске асырылады. Грант берушісі «Азаматтық бастамаларды қолдауорталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып табылады.

«SportFest Kazakhstan» жобасы салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беружүйесіндегі субъектілердегі Мектеп спорты мен спорттық инфрақұрылымды дамытумәселелеріне мемлекет пен қоғамның назарын аудару үшін 5 мыңнан астам жасөспірімдіжинайды.

Іріктеу турларының бағдарламасы, 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер менқыздар арасында волейбол, футбол, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлеріненжарыстар қарастырылған.Жарысты Мектеп спорт федерациясы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы жалпы білімберетін мектептердің спорт нысандарында ұйымдастырады.

Іріктеу турларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру сыйлықтары,дипломдар мен түрлі дәрежедегі медальдар күтуде.

Мектеп спорт федерациясы