Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спор оқу-тәжірибелік орталығы» директоры Е.Б. Назаров қаңтар айының 24 жұлдызында Алматы қаласында Астана және Алматы қаласы Білім басқармаларының Аймақтық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталықтарының директорларының қатысуымен  «Орта білім ұйымдарында дене тәрбиесін жетілдіру және спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету, «Жол картасы» іс-шараларының атқарылу барысы атты   Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастыруымен үлкен жиын өтті. Жиналыс барысында барлық аймақтың спорт орталығы бүгінгі таңда мектеп пен колледж оқушылары арасында дене тәрбиесін дамытуға кедергі келтіріп отырған өзекті проблемаларды алға тартып, сол мәселелердің шешеу жолдарын ұсынды, төмендегі сұрақтар бойынша баяндамалар оқылды, футбол сабағы бойынша аймақтардың жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижесі  көрсетілді. Қостанай қаласының спорт орталығының директоры орталыққа келіп, тәжірибе алмасу  мақсатында біршма ақпараттармен бөлісті.

  1. 2017-2018 жылдарға арналған мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында дене тәрбиесін жетілдіру және спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету, «Жол картасы» қарастырылған мәселелер:
  2. Жол картасы бойынша мектептердің заманауи спорттық инфрақұрылым және стандартты спорттық жабдықтарының жағдайын таңдамалы зерттеу жұмыстарын талқылау.
  3. Мектеп және колледж оқушыларның арасындағы ІХ жазғы Спартакиада ережесін талқылау
  4. 2017-2018 оқу-жылындағы «Ұлттық мектеп лигасының» І-кезеңдегітмектепшілік өткізілген іс-шараларының  қорытындысы.
  5. 1-4 сынып дене тәрбиесінің әр үшінші сағаты « Футбол сабағын» сынақтан өткізу іс-шаралар мәселесі.
  6. Дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселесі.