Алматы қаласындағы Орталық стадионда «Астана қаласының 20 жылдығына» арналған IX-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ бағдарламасы бойынша ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан жарыс өз мәресіне жетті. Оған еліміздегі мектеп және колледжден 11 команда қатысқан бұл сында жалпы командалық есепте Алматы қаласы жеңіл атлеттері жеңімпаз атанды. Екінші орында – Қарағанды облысы командасы.  Үшінші орынды Шығыс Қазақстан жасөспірімдері иеленді.
Марапаттауды Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорттық шараларды өткізу зертханасының бас жаттықтырушысы Андрей Шпехт, жарыстың бас төрешісі Михаил Лошкярев және жарыстың бас хатшысы Светлана Лукашова жүргізіп, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Спартакиаданың дипломдары, медальдары және кубоктарымен марапаттады.